
Құрметті ата-аналар мен сайт қонақтары!
Сіздерді біздің балабақшаның ресми сайтында қарсыалуға қуаныштымын!
Балабақша – баланың тұлға ретінде қалыптасуы басталатын ерекше орта. Біздің басты мақсатымыз – әрбір тәрбиеленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау. Ұжымымыз балалардың денсаулығын нығайтуға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және сапалы мектепке дейінгі білім беруге бағытталған. Біз өз жұмысымызда баланың қызығушылығы мен қажеттілігін басты орынға қоя отырып, ата-аналармен тығыз ынтымақтастық орнатуға ерекше мән береміз. Балабақшадағы барлық іс-шаралар тәрбиеленушілердің бақытты балалық шағын қалыптастыруға бағытталған. Сіздерді балабақшамыздың тыныс-тіршілігімен танысуға шақырамыз. Ұсыныстарыңыз бен пікірлеріңіз біз үшін әрдайым маңызды.
Ізгі ниетпен: Казмұханбет Ағила Таңатарқызы
№21 «Кәусар бұлақ»бөбекжай-балабақша меңгерушісі
Білімі: жоғары педагогикалық білім
Педагогикалық еңбек өтілі: 32 жыл
Басшылық өтілі: 2 жыл, 2 ай
Қабылдау уақыты: Дүйсенбі–Жұма: 09:00–18:00 Үзіліс: 13:00–14:00
Байланыс телефоны: 8-71-32-46-86-03 8-71-32-24-26-89 (сенім телефоны)
Электрондық пошта: kausarbulak21@yandex.kz
«Бақытты бала – табысты болашақтың кепілі»
